Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үздік ұстаздар ұлықталды

c 16:28, 05/10/2020 c 538

0:00 / 0:00

Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз - ұлы есім» атты салтанатты кеш «Түлектер тілегі» атты видеороликпен басталды. Бүгінгі күні облыста 21 мыңнан аса ұстаз колледж, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдағы 155 мыңға жуық балаға білім мен тәрбие беруде. Өңірімізде білім сапасымен қатар оқу ордаларының инфрақұрылымын жақсартуға баса мән беріліп отыр. Биыл 8 млрд. теңге қаражатқа 6 мектептің құрылысы жүруде. Орал қаласы мен барлық аудандардың 27 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтпек. Мерекелік шараға арнайы келген облыс әкімі Ғали Есқалиев ақжайықтық ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады. Мерекелік шарада бірқатар мұғалімдер жылдар бойғы еселі еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, осы күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ы.Алтынсарин" төс белгiсi, «Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» төс белгiсi және Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды. Шараға барлығы 30-дан аса ұлағатты ұстаз қатысты. Осы кеште «Батыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен Суханова Гүлшат Рахимқызына табыс етілді. Оған қоса 34 жылдан астам шәкіртке білім беріп келген ұстазға 300 еселенген төменгі айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі сыйақы белгіленді.
Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершілік пен тәрбиенің ең жоғарғы үлгісі. Көз майын тауысып, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген мұғалімдердің жалақысын арттырып, статусын нығайта түсумен қатар, ұлттық деңгейде ұлық­­­талуы ұстазға деген құрметтің бір белгісі .

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.