Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үш адам қаза болды

c 16:56, 02/10/2019 c 615

0:00 / 0:00

БҚО-да үш жол көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты. Бұл туралы туралы БҚО ПД-де өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді. Жол көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі - жылдамдықты шектен тыс асыру болып отыр. Екі жол апаты облыстық маңызы бар тас жолда болса, біреуі бас шаһардағы көшелердің бірінде тіркелген. «Орал- Азинка» тас жолында Орал қаласынан 18 шақырым жерде жолдан түсіп бірнеше рет аударылған "Гольф"  көлігінің 76 -шы жылғы жүргізушісі алған жарақаттарының салдарынан ажал құшқан. Оның Бәйтерек ауданының тумасы екені анықталып отыр. Сарыөмір бағытындағы жолда Ваз 21/99 көлігінің жүргізушісі трактормен соқтығысып оқиға орнында көз жұмған. Айта кету қажет қос азаматта көлік жүргізу құқығынан айрылғаны белгілі болды. Ал Орал қаласындағы оқиғаны сала мамандары былай мәлімдеді.
Брифингте полицейлер Орал қаласындағы жиі жол-көлік оқиғасы болатын аудандарды атап өтті. Мәселен, Жәңгір хан көшесі бойындағы «Жазира» және «20 мектеп» аудандағы жолдар тұрғындар үшін қауіпті болып отыр.Бұдан бөлек брифингте "Орал-Атырау" тас жолының да қауіпті екені айтылды. Қазір аталған бағыттағы маңызы бар тас жолды кеңейту шаралары қолға алынуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.