Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұры түсті

c 17:43, 20/06/2019 c 742

0:00 / 0:00

«Орал апталығы» газетінің редакциясына ұры түсті. Қарақшылық дерегі бүгін таңғы 4 тен кейін болған. Мекемеге «КМС» күзет ұйымы қызмет көрсетеді. Газеттің бас редакторы  Лұхпан Ахмедияровтың сөзінше күзет қызметінен таңғы 4 жарымда дабыл туралы хабар жеткен. Дереу жұмыс орынына келген ол, көше беттегі терезенің ашылғанын көреді. Дегенмен ғимарат ішіндегі техникамен жиһаздардың жоғалғаны байқамайды. Тек қана жұмыс күні басталған соң қызметкерлер келіп заттарын түгендейді. Осы сәтте бір тілшінің ноутбугі жоқ екенін аңғарып, полицияға хабарласады. Қызметкерлердің сөзінше компьютерде құнды матариалдар болған. БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков оқиғаға қатыстылар іздестіріліп жатыр деді. Ақпарат жарияланатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.