Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлы даланың жеті қыры

c 17:38, 16/10/2019 c 572

0:00 / 0:00

Орал қаласында "Қазақтану" мәдени-ағартушылық жобасына арналған республикалық лекторий өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев республикалық шараға арнайы келіп қатысты.

Қазақ халқы түрлі зұлмат заманды бастан кешіп, қиын қыстау күндерді ауызбіршіліктің арқасында еңсерді. Бүгінде қатпарлы тарихтың ерекшелігі мен ұлтымызды айшықтайтын дүниелерді өскелең ұрпақ пен өзге этностарға таныту керек. Бұл үшін еліміздің аумағында "Қазақтану" мәдени-ағартушылық жобасы іске асуда.

Ақжайық өлкесінде қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттауға арналған республикалық лекторийінде сөз алған аймақ басшысы БҚО атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.

"Қазақтану" жобасының республикалық лекторийіне арнайы табан тіреген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Орал қаласында орналасқан "Татуласу орталығының" жұмысына қанықты. Жаңадан ашылған орталықта 6 маман қызмет жасауда.

Ассамблея төрағасының орынбасары ауыл-аймақта медиация саласын дамытып жүрген жандардың жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдық медиаторлармен естелік суретке түсіп қоштасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.