Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үйірмелер мен секциялар мемлекетттік тапсырыс алады

c 09:42, 13/01/2021 c 575

0:00 / 0:00

Қосымша білім беру жүйесіне өзгеріс енеді. Енді балалардың үйірмелері мен секциялары үшін мемлекет төлейді. Яғни қосымша білім беру саласына жататын Оқушылар сарайы, үйірмелер, спорттық секциялар, көркем өнер және музыка мектептері мемлекеттік тапысырпен ақша алатын  болады.

Елімізде орта білім беру тегін болғанымен, қосымша білім беру, баланы спортқа, өнерге баулу бәрі ақылы. Ата-ананың қаласы көтерсе сабақтан соң баласын әртүрлі үйірмелері мен секцияларға сүйрейді. Ал оның құны кем деген 15 мың теңгені құрайды. Тапқан- таянғаны қант-шайынан аспайтын отбасылардың балалары бар мүмкіндіктен құр қалуда. Қазына қаржысына салынған Оқушылар сарайында секциялар мен үйрімелер түгел ақылы. Кеңес дәуірінде қосымша білім беру, баланы дамыту оратлықтары тегін жұмыс істегенін білеміз.Балалар арасындағы қылмыс, нашақорлық болған емес. Еліміздің балалар омбудсмені Аружан Саин осыған орай үкіметтен көмек сұрағанды. Енді әкімдіктерге балалардың бос уақытын толық қамтып, үйірмелер мен секциялардың жұмысын жандандыру тапсырылды. Осылайша, бүгінде ақылы жұмыс істеп жатқан дамыту орталықтары ата-ананың қалтасын қақпай, мемлекеттік тапсырыспен ақша алатын болды. Тиісті заң жобасы ағымдағы жылдың мамыр айында күшіне енеді. Жақында Президент білім беру туралы заңға қол қойды. Енді жекеменшік ұйымдар  мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында мемлекеттік тапсырысты алатын болды.

Шолпан Каринова  - ҚР білім және ғылым вице-министрі «Біріншіден бұл ең маңызды норма. Қосымша білім беру дегеніміз оқушыларға арналған үйірмелер мен секциялар. Қазір оқушылар дамыту оратлықтарына барып жүр. Осы нормаға сай, шығын шығармау үшін білім беру ұйымдары  мемлекеттік сатып алуларға қатысып, қосымша білім береді».

Сондай-ақ, мектептер пандемия барысында оқушыларды дәстүрлі оқыту форматына көшіп жатыр. Үшінші тоқсанда қазақстандық оқушылардың 58,3 пайызы  қашықтан, 41,7 пайызы штаттық форматта оқытылуда.

9,11 (12) сынып оқушылары мектепке барып жүр. Оларда пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытылуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.