Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үй өртенді

c 18:01, 18/11/2020 c 403

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қаласындағы жеке секторда өрт шықты. Оқиға сағат 11:23-те Лермонтов көшесі, 42 мекенжайында болды. Алдымен, үйдің жанындағы гаражда тұрған «ВАЗ-2114» автокөлігі жанған. Одан гараж, сосын үй отқа оранған.Жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілердің күшімен 6 оттегі баллоны сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үй өртеніп, бір адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған  болатынбыз. Жыл басынан бері қала аумағында 184 өрт оқиғасы тіркелген. Бұған қоса бүгін түс ауа тағы бір тұрғын үйде төтенше жағдай орын алған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.