Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ қорытындысы

c 16:33, 23/01/2019 c 789

Қаңтардың 18-19 күндері өткен ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі белгілі болды. Ұбтыны ұйымдастыру тәртібіне өзгерістер енгізілгендіктен биылғы жылдан бастап мектеп түлектері емтиханды 4 мәрте тапсыратын мүмкіндікке ие болды. Қаңтар мен наурыз айында ұйымдастыратын сынақ ақылы болады деп бекітілген еді. Алғашқы сынақ белгілеген бес нысанда ұйымдастырылды. Мектеп түлектерінен емтихан қабылдаған нысанның бірі ірі Махамбет Өтемісов атында Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті еді. Аталмыш оқу орынында жалпы алғанда 763 азамат тест тапсырған. Сынақ тапсырған жандардың 30 пайызы физика-математика бағытын таңдапты. Сала мамандары сынақ тапсырған жандардың дайындығы жақсы болғандығын айтып отыр. Келесі ұбт наурыз айында ұйымдастырылмақ. Барлық мектеп түлектері ақылы негізде емтиханға қатыса алады. Оқушылар ақпан бірі мен оны аралығында тиісті құжаттарын тапсыруы шарт. Бұл өз кезегінде оқушылардың дайындығын бақылауға мүмкіндік беріп, мектеп түлектерін психологиялық тұрғыда дайындалуына көмектеспек. Ал, мемлекеттік гранттар үшін тапсырылатын сынақ дәстүрлі түрде маусым айына жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.