Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ басталды

c 15:41, 20/06/2018 c 665

0:00 / 0:00

Бүгін елімізде ұлттық бір­ыңғай тестілеу сынағы басталды. Аталған науқан 167 ҰБТ өткізу пунктінде 20 маусымнан 1 шілдеге дейін жалғасады. Батыс өңірінің төрт мыңға жуық түлегі де осы сынақтан өтіп, 11 жылдық білімдерін тексермек. БҚАТУде 950 түлек тест тапсырмақ. Олардың 619-ы қалалық және облыстық мектеп оқушылары болса, қалғаны Теректі, Тасқала ауданының түлектері. Облыс бойынша бұл сынақ 9 тестілеу пунктінде өтуде. 5 пәннен тұратын тестілеу уақыты 3 күнге белгіленіп отыр. Тестілеу өткізу үшін Жәңір хана атындағы университетте 8 аудитория дайындалған. Барлық аудиториялар бейнебақылау камерасымен, мобильді және радиоэлектроникалық байланыстарды бұғаттайтын құрылғылармен қамтамасыз етіліпті.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.