Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Тыныштық жолында тынымсыз еңбек еткендер

c 17:30, 14/01 c 1612

0:00 / 0:00

Ел аумағында төтенше жағдай енгізілгелі құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірпік қақпай, тәулік бойы еңбек етіп жүр. Маңызды нысандардың күзеті күшейтіліп, бақылау бекеттері қойылды. Қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығына жауапты тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшкелі он күннен асты. Қазір жағдай тұрақтала бастады. Облыс әкімі Ғали Есқалиев күштік құрылымдардың қызметкерлерімен кездесіп, Отан алдындағы адал қызметі үшін алғысын айтты. Құқық қорғау қызметкерлері қай заманда да бейбіт тыныштықты сақтауда алғы шепте жүретін тынымсыз еңбек иелері. Олар өткен күндері орын алған жаппай бүлік кезіне де арам пиғылдылармен қасық қандары қалғанша күресті. Сол қиын-қыстау күндердің салдарын толықтай жою үшін тәртіп сақшылар әлі де еңбек ете береді.Жаппай тәртіпсіздік кезінде 16 күштік құрылым лаңкестермен күресте қаза тапты. Олардың ішінде өңірдің тумалары да бар. Бұл күнгі шара барысында әскерилер отан үшін қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Өңір басшысы Ғали Есқалиев сын сағатта сабырлық танытқан облыс тұрғындарына ризашылық білдіріп, алдағы жарқын күндерде де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылуға шақырды. Шарада сондай-ақ бірқатар әскерилерге кәсіпкерлер ұсынған кәдесыйлар тарту етілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.