Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түркиямен әскери ынтымақ

c 18:32, 26/10/2020 c 662

0:00 / 0:00

Түкрия мен Қазақстан әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шараларын одан әрі өрбітпек. Бұл мәселе Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акардың Қазақстанға ресми сапары барысында талқыланды. Бүгін қадірлі қонағын еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қарсы алып, екі жақты кездесу өтті.

Сарапшылардың пікірінше, Түркия Орта Азия елдерімен түрік одағын құруды  жоспарлады. Кейін Анкара бұл мақсатқа асықпай, жеткен жөн деген ұйғарымға келді. Әрине Түркия Орталық Азия елдеріне қаржылай капитал, Жероорта теңізінде порттарды пайдалануды, әскери техникасын ұсынуы мүмкін.  Саясаттанушылардың айтуынша, оның қайтарымы ретінде Түркия  аймақтардың нарығына жеңілдікпен кіруді көздеп отыр. Бұл дегенміміз 70 миллион халқы бар нарық.  Түрік экономикасы дамыған сайын  Еуропаның энергетикалық орталығы болуды көздеуде. Ал әскери білім саласында қазақстандық  курсанттар Түркияның жетекші әскери училищелерінде өз дайындықтарын шыңдауда. Қазақстанның әскерилері  сан алуан оқыту орталықтарына барып тұрады. 2018 жылы қыркүйек  айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Түркияға ресми сапарында  әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанды.

Түркияның Таяу Шығыстағы лаңкестік топтармен күрестегі тәжірибесін назарға алсақ, аймақтың қауіпсіздігін нығайта алар еді. Түркия НАТО-ң мүшесі. Түркия Қазақстанға әскери білімнен басқа, қару-жарағын да ұсына алады. Қару-жарақ шығаруда бұл ел әлемде алдыңғы қатарға шыққан.

Хулуси  Акар- түркияның қорғаныс министрі «Қазір сіздің индустрия министрлігіне барамын. Сол жерде Атамқұлов мырзамен қорғаныс және әскери өнеркәсіп саласы бойынша  ынтымақтастықты талқылаймыз»

Бүгінде біздің елде  қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр. Мысалы, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» компаниясы  қазақстандық әскери күштер үшін электрондық және электронды-оптикалық жабдықтар өндіреді. Әріптестіктің басты мақсаты-  Қазақстанды шетелдік әскери тасымалдаушыларға тәуелділіктен босату. Әзірге Қазақстан әскери-техниканың 80 пайызын көріш Ресейден сатып алып жатыр. Бұл ел әлемдегі әскери держава ретінде АҚШ-н кейінгі екінші ел болып табылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.