Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар қарызы азайған

c 18:13, 18/07/2019 c 700

0:00 / 0:00

Облыс орталығында алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары белгіленген жоспарға сай жүзеге асырылуда. «Қыстың қамын жаз ойлаған» «Жайық жылу куат АҚ» өкілдері жылу құбырларын дер кезінде жаңғырту қыс мезгілінде тұрғындарға сапалы қызмет көрсетудің кепілі. Ал, тұрғындар тұтынған қызметтің ақысын уақытылы төлеуді ұмытпағандары абзал дейді. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының ортасында аяқталмақ. Қазіргі уақытта «Жайықжылуқуат» АҚ теңгерімінде облыс орталығында ұзындығы 21,89 км болатын жылу желілерімен бірге 23 қазандық бар. Нәтижесінде 128 тұрғын үй, 25 әлеуметтік нысан, 73 өнеркәсіптік объекті жылумен қамтамасыз етіледі. Биыл 59 қазандықтың 32-не ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта қазандықтың 2019-2020 жылу маусымына дайындығы 77% құрайды. Сондай-ақ 4,630 км жоспарымен 3,141 км жылу желілері жөнделді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша екі жылу магистралі күрделі жөндеуден өтуде. 2019 жылғы 18 маусымнан бастап Чкалов көшесіндегі №1 пункттен У.Громова көшесінде дейінгі ұзындығы 654,5м. №4 жылу магистралінің демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Жалпы жаңғырту жұмыстары қыркүйек айының 15 не дейін аяқталуы тиіс.Ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бері №8 жылу магистралінің жерасты каналы мен құбырларын демонтаждау жұмыстары атқарылуда. Әбілқайыр хан даңғылы бойы 7 шағын ауданнан бастап, 6 шағын ауданына дейінгі № 8 жылу магистралінің жалпы ұзындығы 820,5 метрді құрайды. Құрылыс аясында бас шаһардағы 200-ден аса көп қабатты үйде ыстық су уақытша тоқталыған. Оның ішінде 6-шы шағын аудандағы бірнеше әлеуметтік нысан мен көп қабатты үйлер бар.Қазіргі таңда жаңғырту жұмыстарына қажетті жер асты тұрбалары толықтай алынып, монтаждау жұмыстары 20%- ға орындалған. Айта кететін бір жәйт бүгінде «Жайық жылу қауат» кәсіпорнына тұрғындар қарызы 45 пайызға азайған. Бүгінде халықтың берешегі 462 млн. теңгені құрап отыр. 17 сот орындаушысы мен заңгерлерден құралған топ, күнделікті уақыт 18 :00-ден 22:00-ге дейін үй үйді аралап қордаланған қарызды жинауда. Ал алдағы жылу беру маусымына дайындық шаралары облыс және қала басшылығының тұрақты бақылауында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.