0:00 / 0:00
Атырауда тұрғын үй кешендерінің бірінде адамдары бар лифт үшінші қабаттан апатты жағдайда құлаған. Оқиға Құлманов көшесі, 1Б мекенжайында орын алған. Сол сәтте лифт ішінде төрт адам болған. Үшеуі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы тұрақты. Тағы бір адам дәрігер көмегінен бас тартқан. Оқиға орнына қала әкімі Данияр Таханов барып, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен кездесті. Қазір лифттің апатты жағдайда төмен түсуіне не себеп болғаны анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын тексеру қала әкімінің жеке бақылауына алынған.







