Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төтенше жағдаймен күрес

c 17:59, 18/06/2019 c 919

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап, аттракциондардың қауіпсіздігі. Оларды пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының ұлттық стандартты іске қосылмақ. Осыған байланысты облыстық әкімдікте төтенше жағдайды болдырмау үшін арнайы жиын өтті. Шараның басты мақсаты облыс аумағында төтенше жағдайдың алдын алу мен оны болдырмау еді.

Облыстық әкімдікте бас қосқан сала мамандары облыстағы төтенше жағдайды талқылады. Мамандардың келтірген дерегі бойынша, Батыс Қазақстан облысында 2019 жылдың алты айында 237 өрт оқиғасы тіркелген. Тұрғын үй секторында орын алған қызыл жалынның саны 158ді құрапты. Салдарынан 4 адам опат болып, тағы 8 азамат түрлі дене жарақатын алған.

Сала мамандары өрттен келген шығынды тізбектеп болғаннан соң, судан келетін қауіпті де шолып шықты. Биыл 14 адамның ажалы судан келіп, 3 адамды түрлі рейд барысында құтқарылған. Жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, суға батып кетпеуі үшін арнайы оқу-жаттығу жұмыстары қолға алынды.

Сондай-ақ, жиын барысында түрлі сала мамандары 1-шілдеден бастап, өз күшіне енетін аттракциондардың қауіпсіздігі. оларды пайдалануға беру және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының ұлттық стандарты қолданысқа енбек. Мамандар қауіпсіздік саласындағы жаңашылдықтарды баяндап шықты. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссияның отырысында ұлттық стандарт өз күшіне енген кезде, кәсіпкерлерге талап пен міндетті түсіндіру үшін тағы бір мәрте кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс айтылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.