Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Толғандырған мәселе

c 16:31, 23/10/2019 c 529

0:00 / 0:00

БҚО Бөрлі ауданының әкімі ақсайлықтарды толғандырған қоқысты уақылы жинау мәселесімен күресу үшін жұмысқа білек сыбана кіріскен. Қазіргі таңда аудан әкімдігі моноқалада шашылып жатқан қоқысты жиыстыру үшін 2 арнайы техниканы сатып алыпты. Аудан орталығында қоқыс жинаумен айналысатын мекемелер бар. Әкімдік шағын шаһарды бірнеше сигменттерге бөліп, 2-3 компанияға жиыстыруға бермек.

Ақсайлықтарды толғандыратын маңызды мәселенің бірі - қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы жиналуы. Қолқаны алатын иіс пен шашылған қоқыстан көз ашпаған тұрғындар базынасын әлеуметтік желіге жүктеп, ғаламторға жариялағаны есімізде. Аталмыш проблемамен күресуді қолға алған аудан басшылығы қоқысты жинау үшін 2 арнайы техниканы сатып алыпты. Жергілікті атқамінерлер қоқысты жинаумен бірге оның сұрыптау ісін қолға алу керектігін айтып, бұл үшін тиісті анализ жасайтынын айтады.

Ақсайлықтарды қоғамдық көліктің жай-күйі алаңдатып отыр. Қала тұрғындары автобустарды көп күтіп, діттеген жеріне жете алмай отыр. Қазіргі таңда аудан орталығында 6 қоғамдық маршрут бар. Аудан әкімі аталмыш сауалды былай деп шешпек.

Бөрлі ауданы десек, өткен жылдары қоныс тойын бүкіл ауыл болып тойлаған қазіргі аралталдықтар еске түседі. Бұрынғы Березевканың тұрғындары аталмыш ауданда өмір сүріп жатыр. Бірақ, Аралталда арық жүйесі жоқ. Сол себепті еріген қардың суынан ауыл тұрғындары зардап шегіп, шағымдарын жеткізген еді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.