Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАХТАДАН ЕКІ АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

c 10:30, 16/10 c 2

0:00 / 0:00

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінен екі ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы жағдай бір күн аралықпен болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамдардың денелері 14 және 15 қазанда табылған. Алдын ала дерек бойынша, марқұмдар шахта аумағына заңсыз кірген. Қазір осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері Степногор қаласында күзетілетін нысандарға заңсыз кіргені үшін 322 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал осы кезеңде жергілікті шахталарда тоғыз адам қаза тапқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.