0:00 / 0:00
Қазақстандықтар енді отбасының әл-ауқат деңгейі бойынша қай санатқа жатқызылғанын телефонға келетін хабарлама арқылы біле алады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Министрдің айтуынша, әр отбасының санаты оның материалдық жағдайына қарай анықталады. Ал бұл жағдай уақыт өте өзгеруі мүмкін. Сондықтан отбасылардың әл-ауқатын бір санатпен тұрақты түрде бағалау дұрыс емес. Талдау барысында шамамен 30 цифрлық жүйенің деректері пайдаланылмақ. Ақпараттар бір аптаға жуық мерзімде сараланып, қорытынды бағалау ай сайын жүргізіледі деп күтілуде. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасын таппақ.







