Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тілсіз жау құрбандары азаймай отыр

c 17:39, 16/07/2019 c 728

0:00 / 0:00

Төтеншеліктер суға шомылу кезінде тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын талап етуде. Себебі, биылғы жаз басталғалы өңірде 24 адам суға кетсе, соның жетеуі балалар болып отыр. Өкінішке орай олардың басым бөлігі ескертпені елемей, рұқсат етілмеген орындарда суға түскендердің еншісінде. Сонымен қатар ішімдік ішудің соңы да орны толмас өкініштерге соқтыруда. Құқық қорғаушылар мен құтқарушылар тағы бір рет өзен жағалауында жандарына сая іздегендермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ажал айтып келмейді. «Сақтансаң сақтармын» демекші тілсіз жау құрбандары санын азайтуда сала мамандары өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруда. Десек те, құтқарушылардың түрлі ескертпелеріне құлақ аспаған тұрғындар белгіленбеген, қауіпті орындарда суға шомылуларын тоқтатар емес. Бүгінде полицейлер алкоголді ішімдікке сылқия тойып, жанына жағалаудан сая іздегендерді жауапкершілікке тартқанымен, мұндай оқиға әзірге толастамай тұр. Сонымен қатар күні бүгін құтқарушылар мас күйінде суға кетіп, өзін құрбан қылмақ болған әйелдің жанын сақтап қалыпты. Оқиға Жайық өзенінің Зашаған кентіндегі тұсында орын алған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде тағы бір адам тілсіз жаудың құрбандығынан аман қалған. Өңірде орман өрті де жиі белең алуда. Мәселен, биыл жасыл алқапта 3 орман өрті тіркеліп, 18,7 гектар аумақ отқа оранған. Осы қауіптің алдын-алу және болдырмау мақсатында Тасқала, Теректі, Қазталов, Шыңғырлау, Ақжайық, Бөкейордасы, Сырым және Жәнібек аудандарында өрт сөндіру бекеттері құрылған.Төтеншеліктер ата-аналардан балаларын суға түсуге жалғыз жібермеуді, қараусыз қалдырмауды және тынығу орындарында өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.