Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тілшілер жарысты

c 18:22, 27/06/2022 c 1118

0:00 / 0:00

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында облыстық төтенше жағдай департаменті тілшілер арасында ерекше сайыс ұйымдастырды. Әуелі төтеншеліктер журналистерге су мен өртке қарсы төтеп беретін техникасы туралы ақпарат берді.

Жылдың төрт мезгілінде тілсіз жау мен топан су, түрлі қатерге тап болған жан баласын ажалдан арашалап жүретін төтеншеліктер журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ерекше сайыс ұйымдастырып, құттықтауларын жеткізді.

Ең алдымен қалам, диктафон мен камерасын арқалаған ақпарат саласының қызметкерлеріне төтеншеліктердің техникасы таныстырылды. Кейін тілшілер қауымы қызыл жалын сөндіретін өрт сөндірушілердің ауыр киімін уақытқа киіп жарысты.

Одан соң журналистер қауымы судағы қауіпсіздік бойынша сайысты. Жарыс қорытындысы бойынша оқ бойы оза шапқан жеңімпаз тілшілер министр мен департамент бастығының алғысын хатымен, кубокпен марапатталды.

Рафхат Халеловтың суреті

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.