Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқаладағы құс фабрикасы

c 18:43, 02/05/2018 c 777

0:00 / 0:00

Соңғы бес жылда облысымызға қарасты Тасқала ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 435 миллион теңге қаржы жұмсалған. Сол қаржыға қол жеткізге екі жүзге жуық кәсіпкер бүгінде өз кәсіптерін ашып, нәсіптерін айырып отыр. Жеке кәсіпкерлердің жетеуі құс шаруашылығын дамытуға ден қойып, қазір жатпай тұрмай еңбектеніп жатыр.

Жеке кәсіпкер Санжарбек Таңатарұлы Қарақалпақстанның Қоңырат ауданынан туған отанына осыдан он жыл бұрын оралған. Атамекені Тасқала ауданына табан тіресімен мен оралманмын деп қарап отырған жоқ, бірден ағайындарымен бірлесіп шағын кәсіп ашып, есік терезе шығарды, жалданып құрылыс жұмыстарында жасады. Алайда, маусымдық жұмыстар қыста таусылып қалатын болғасын, осы тауық қорасын соғып, қазір жұмыртқасынан пайдасын айырып отыр.
Соңғы бес жылда тасқала ауданында 194 жеке кәсіпкер 435 миллион теңге несие алып, әрқайсысы әртүрлі кәсіп ашып, нәсіптерін тауып отыр. Аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімінің мамандары, ағымдағы жылы елбасының 5 әлеуметтік бастамасына сәйкес несиелеу көлемінің өсетінін мәлімдеді.
Маңдай тер, табан ақы еңбегімен күнін көріп, кәсібі дөңгелеген жеке кәсіпкер, келешекте жұмыс көбейтіп, ісін одан әрмен кеңейтпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.