Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тәртіп бұзғандар

c 17:12, 06/04/2020 c 485

0:00 / 0:00

Ковид-19 кеселінің өңір аумағында таралмауы үшін 31-ші наурызда облыстың бас санитарлық дәрігері арнайы қаулы қабылдаған болатын. Аталмыш құжатта барлық нысандар белгілі бір уақытқа дейін жұмыс жасап, азаматтар без-берекет көше кезбей, тек дүкен, дәріхана мен жұмысқа баруына рұқсат берілді. Дүкендер таңғы 9-дан бастап, кешкі 9-ға дейін қызмет жасауы тиіс. Бірақ бұл талаптарды орындамай жүрген жандар бар.

Жұқпалы кеселдің облыс аумағында таралмауы үшін санитарлық дәрігер арнайы қаулы қабылдап, біраз саланың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізді. Мәселен, енді дүкендер таңғы тоғыздан бастап кешкі тоғызға дейін жұмыс жасауы тиіс. Бірақ осы талаптарды сақтамайтын кәсіпкерлер бар. Полиция қызметкерлері, санитарлық саласының мамандары мен волонтерлер тəртіп бұзған азаматтарды анықтау үшін рейд шараларын ұйымдастыруда.

Қаулығы сәйкес барлық мейрамхана, кафе мен асханалар тек жеткізу қызметі бойынша жұмыстарын жалғастыра алады. Алайда бұл талаптар ескерілмей отыр.

Жалпы кеселдің таралмасы үшін қабылданған шешімдерге құлақ аспаған 122 жағдай тіркеліпті. 34 тұлға айыппұл төлесе, 1 азаматқа ескерту беріліп, 34 жан қамауға алыныпты. 53 адамның ісі сотта қаралып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.