Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тақсай кешенінде кесене салынуда

c 16:29, 18/06/2018 c 1540

0:00 / 0:00

Биылғы жылы Ақжайық өңіріндегі 6 мекен Қазақстанның жалпы ұлттық қасиетті орындарының тізіміне енді. Олардың қатарында "Тақсай қорымы" да бар. Бұл жерден археологтар 2012 жылы 500-ге жуық әшекей бұйымдар мен жасы жиырманың шамасындағы әйел адамның мүрдесін тапқан болатын. Ғалымдар бұл көне жәдігерді 5-7 ғасырға жатқызып отыр. Сарматтар дәуіріне жататын "Тақсай ханшайымы" табылған жерде жомарт жандардың арқасында кесененің құрылысы басталды. Жобаның құны 8 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына үш адам жұмылдырылған.

"Туған жер" бағдарламасының аясында іске асып жатқан бұл жоба Теректі ауданына қарасты Долин ауылының маңында бой түземек. Бүгінгі таңда, құрылысы басталған кесене жергілікті меценаттардың қолдауымен салынып жатыр.

2012 жылы осы маңда сармат әйелінің мүрдесімен бірге алтын әшекейлер, білезіктер табылған болатын. Ғалымдар бұл жәдігерді 5-7 ғасырдың жәдігері деп таныды. Қазіргі таңда, кенесенің іргетасы қаланып жатыр.

Бұдан бөлек, өңірімізде "Туған жер" бағдарламасының аясында қазақтың қос батыры "Исатай мен Махамбеттің" құрметіне ескерткіш орнатылмақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.