Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Табиғат жанашырлары есеп берді

c 17:33, 29/01/2019 c 713

0:00 / 0:00

Өткен жылы облыс аумағында 7 орман өрті тіркелген. Бұл туралы табиғат жанашырлары өңірлік коммуникациялар алаңында мәлімдеді. Қызыл жалынның  бесеуі қалаға қарасты аумақта тіркелсе, Ақжайық пен Январцев ауылында орман қызыл жалынға оранған. Сала мамандары табиғат анаға залал келтірген кінәлі тұлғалар әлі күнге дейін табылмай отыр,-дейді.

Еліміздің аумағында 200 мыңға жуық киік болса, оның 135 мыңы Батыс Қазақстан аумағына тиесілі. 2006 жылдан бастап ақбөкендер ерекше қорғалатын "Қызыл кітапқа" енген. Десек те, жыл санап киіктерге қастандық жасайтын қылмыскерлердің саны азаймай отыр. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, өткен жылы ақбөкендерді атқан 43 факті тіркелген. 25 қылмыстық іс аяқталып, ақбөкендерді өлімге қиған 32 азамат жауапқа тартылыпты.

Ақбөкендерге көз алартқан қылмыскерлер бейкүнә жануарды оның мүйізі үшін  өлімге қияды. Ал, киіктің мүйізі қара нарықта қымбат бағаналанады. Оның мүйізі түрлі сырқатқа ем екендігі баяғы  дәлелденді. Мемлекет даланың киесін ерекше қорғау үшін, тиісті мекемені құрып, жыл сайын әуеден санақ жүргізіп отырады. Десек те, киіктерді күзететін мамандардың саны 50. Олар 8 топ болып жұмыс жасайтын көрінеді. Сала мамандары 135 мың киікті күзету үшін бекітілген азаматтардың саны аз дегенді айтады.

Сала мамандары киікті атып алудан өзге, тек мүйізін шетелге тасымалдау барысында қылмыскердің қылмысын дәлелдеу қиынға соғатынын жеткізді. Мәселен, қылмыстық заңнамада бірқатар заң тармақтары бір-біріне қарама-қайшы көрінеді. Сондай-ақ, табиғат жанашырлары өткен жылы облыс аумағында 7 бірдей орман өртінің тіркелгендігін айтады. Олардың дені қаланың аумағында орын алыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.