Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Табиғат апатынан кейін екі қазақстандық іздестіріліп жатыр

c 15:21, 12/10 c 1

0:00 / 0:00

Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында табиғи апаттан кейін екі қазақстандық турист хабар-ошарсыз кеткен. Қазір олардың туыстары ДНҚ сараптамасына қажетті биологиялық материал тапсырған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің мәлімдеуінше, ведомство табиғи апат аймағында жүрген отандастарымызға қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Алғашында үш қазақстандық әйелмен байланыс үзілген. Кейін олардың біреуімен хабарласу мүмкін болған. Оның сапардан бас тартып, елде қалғаны анықталған. Ал қалған екі әйелдің қайда екені әзірге белгісіз. Непалда іздестіру-құтқару жұмыстары 5 қазанда аяқталған. Қазір апаттан зардап шеккен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал Тибетте жоғалған туристерді іздеу жалғасуда. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жоғалған азаматтардың отбасыларымен тұрақты байланыста болып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.