Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сырым ауданына таза су тартылатын болды

c 13:41, 16/01/2019 c 821

Сырымдықтар таза ауыз суға мұқтаж. Жыл сайын әкімдер есебінде осы ауыз су мәселесі көтеріледі.Аудан тұрығнадырының таза ауыз суға мұқтаждығы енді шешілетін болды.Елбасы кезекті жолдауында облыс әкімдеріне адамдардың өмір сапасын жақсарту бағытында жұмыстаныңдар деп шегелеп тапсырма берген болатын.Осы тапсырманы орындау мақсатында кеше облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Сырым ауданына барды.Кездесу барысында ауданның 12 елді мекеніне су тарту жұмыстары басталатындығын айтып, тұрғындардан сүйінші сұрады.

0:00 / 0:00

БҚО Сырым ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан тұрғындарымен кездесті.Кездесуде аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамассыз ету мәселесі талқыланды.Сырымдықтар жыл сайын осы ауыз су мәселесін көтеріп жүр.Елбасы биылғы жолдауында облыс әкімдеріне тұрғындардың өмір сапасын арттыру, жағдайларын жақсарту бағытында жұмыс жасаңдар деп тапсырма берген болатын.Ал, ол үшін адамдарға жайлы жұмыс, тұрғын үй, жол, және ауыз су мен көгілдір отын керек.
Осы жолғы жиында да аудан тұрғындары ауыз су мәселесін айтты.
"Қазір Сырым ауданына таза ауыз су тарту бағытындағы жұмыстар басталып кетті",- деді аудан тұрғындармен кездескен облыс әкімі.Осы кездесуде ауданға су тарту жобасының бағытын халық алдында "Қазэкологияжобалау" ЖШС бас директоры Ерлан Әбдіров баяндап берді.Ауыз су "Кеңащы" жер асты су көзінен тартылатын болады.Енді осы су көзінен алдағы уақытта Сырым ауданының 12 елді мекені таза ауыз сумен қамтылады деп жоспарланып отыр.
"Сырым ауданына су тарту жұмысы Елбасының тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асатын болады",- деді халықпен кездескен облыс әкімі Алтай Көлгінов.Осы жиыннан кейін Елбасының жарлығымен 2019 жылдың жастар жылы деп жариялануына орай облыс әкімі Сырым ауданының жастарымен кездесті.Жастар жылындағы бұл алғашқы кездесу.
Кездесу барысында жастардың пікірі тыңдалды.Кәсіп ашу бағытында бірнеше кеңестер айтылды.Ауылдық жерге келіп жұмыс жасау, туған жердің дамуына үлес қосу мәселесі де осы кездесудің негізгі бағыты болды.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.