Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыртқы талдау сыбайлас-жемқорлықтың жолын кесуге сеп болмақ

c 16:07, 30/05/2018 c 696

0:00 / 0:00

Сыртқы талдау сыбайлас-жемқорлықтың жолын кесуге сеп болмақ. Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық Департаменті жанынан құрылған облыстық мониторинг тобының кезекті отырысы болып өтті. Жиында облыстық ішкі саясат, білім саласы, қалалық және Жаңақала аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері өкілдерінің жұмыстары тыңдалып, олардың жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жасап жатқан істерімен танысты. Толығырақ мониторинг отырысына қатысып келген тілшілеріміз жалғастырсын.

Еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған он жылдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында 2016 жылдың аяғында әрбір аймақта мониторинг тобы құрылған болатын. Басым бөлігі үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен блогерлерден құрылған топтың қолында жемқорлықты әшкерелеп, шенді шенеуніктерді жұмыстан кетіріп, жауапқа тартар қауқар болмағанымен, тиісті істеріне салғырт салақ қарағандарға ескерту жасап, жоғарыға ұсыныс тастар жұмыстарды да осылар атқарады.
Бүгінгі отырысқа облыстағы ішкі саясат, білім саласы, қалалық және Жаңақалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің өкілдері шақырылған. Шараға жиылған жиырмаға жуық топ мүшелері жемқорлықтың жолын кесуде олардың қандай жұмыстар жүргізіп жатқандарын қанықты. Топ мүшелерінің көптеп қызығушылығын тудырған сала, тұрғындарға жылына мыңдаған баспана табыстап отырған қалалық тұрғын үй бөлімі болды.
Ал, ана жылы ауданда тұрғын үй беруде түрлі заңсыздықтарға жол беріп, жауапты басшы тәртіптік кеңеске салынып, жауапқа тартылған Жаңақала аудандық тұрғын үй бөлімінен де комиссия мүшелігіне үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін еңгізбеу сынды бірқатар олқылықтар анықталған көрінеді. Бірақ, ескертпеге сай бәрі қалыпқа келтірілген.
Жоғарыда айтқандай жемқорлық деректерін анықтап, өрескел заң бұзушылықты тауып, айыптыларды жазаға тартпағанмен сыртқы талдау барысында көздеріне көрініп, назарларына ілінген аз-кем кемшіліктерді көрсетіп, дер кезінде ескертпе беретін осынау мониторинг тобы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуде өз үлестерін тигізетіндері сөзсіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.