Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сынға алынды

c 16:50, 26/02/2020 c 291

0:00 / 0:00

Орал қаласында барлығы 107 ПИК бар. Олар әр маусымдағы жұмыстарға дайын болып қана қоймай, тұрғын үйлерді күтіп ұстаумен қатар, шаһардың аббатандыру қағидаларына сай тазалықты қамтамасыз етуі қажет. Сондай- ақ, қала территориясындағы кәсіпкерлік нысандары да арнайы ереже бойынша өз аумақтарындағы қарды тазалап, мұз сүңгілерін төмен түсіріп, тұрғындар қауіпсіздігіне баса назар аударуы тиіс. Орал қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ 3 ай уақыт көлімінде осы бағыттағы жұмыстарды нысанаға алып, ережеге сай өз ісіне салғырттық танытқандарға ескерту жасады.Бүгінде облыс орталығындағы «Механик», «Жұлдыз алға», «Центр» ПИК-тері мониторингтік топтың арнайы ескертулерін алған. Олар оннан аса баспанаға күтім жасайды. Алайда көп қабатты үйлердің аулаларындағы қар тазартылмай, қасбеттерінде түрлі жарнамалар жапсырылған күйі тұр. Сол себепті аталған коопертивтер осы бағыттағы жұмыстарды алдыңғы кезекте орындауы тиіс. Айта кеткен жөн, бірер айда ПИК жаңа заң бойынша жұмысқа көшетін болады. Яғни олардың құзыреті түбегейлі өзгеріп, тұрғындар игілігі жолында жаңа қадамдар жасалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.