Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сый-сияпат көрсетуден шаршаған

c 16:51, 06/12/2019 c 377

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті. Ал қалған әкімдер жалақысын осындай орынсыз шығынға жұмсауға мәжбүр. Бұл туралы «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасының басшысы Әлия Салиева мәлімдеді. Оның сөзінше, ауылға іссапармен келген шенеуніктерге көл-көсір дастарқан жайылады. Бұл аздай, олардың көлігіне қой салып, тіпті соғымын әперу де облыстың барлық ауданында бейресми дәстүрге айналған. Шектен тыс қонақжайлықтың кесірінен енді ауылдық округ әкімдері айлығын шайлығына жеткізе алмай отыр. Қазір ауыл әкімдерінің жалақысы 140-160 мың теңге аралығында. Мұндай шығынға әкімдердің өздері ғана емес, әйелдері де наразы. Енді қызмет бабымен ауылға барған лауазымдыларға біреудің үйінен тамақ ішіп, кәсіпкерлерге салмақ салуға тыйым салынады. Яғни, ішер тамағы мен жатар орнының ақысын өз қалтасынан төлеуі тиіс. Әйтпесе олармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті айналыспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.