Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су мәселесі

c 18:10, 14/10/2020 c 609

0:00 / 0:00

Аймақ басшысы Ғали Есқалиев "Батыс су арнасының" жұмысын сынға алды. Әкімдікте өткен жиында облыс басшысы тұрғындар ауыз судың тапшылығын тартпасын деп тапсырма жүктеген болатын. Биыл батыс қазақстандықтар ішерге су таппай, үйінде бос ыдыстың барлығына тіршілік көзін жинап, карантин кезінде әуре болған-ды. Суды шамадан тыс пайдаланбас үшін арнайы сараланған тариф іске қосылмақшы.

Биыл Оралдықтар судың тапшылығын тартқаны сондай, кесте бойынша берілген суды бос ыдыстарға жинап, карантинде тарығып жан баққаны есімізде. Судың тапшылығы әсіресе, қалаға қарасты Зашаған мен Деркөл кентінде өзекті мәселе . Сол себепті қазір Тасқала су құбыр тобынан ауыз су алу мәселесі қарастырылуда.

Бір жылда "Батыс су арнасы" 16 млн куб суды пайдаланған. Сол судың 1,5 млн кубы шамадан тыс шығындарға жатады. Сала мамандары бір айда 40 куб тіршілік көзін пайдаланатын жандар бар,- дейді. Сол себепті кәсіпорынның өкілі тұрғындар үшін тариф бағасын саралауды ұсынды.

Жиын барысында облыс әкімі Ғали Есқалиев сумен қамтамасыз ететін бағдарлама жасақтауды тапсырды. Басты мақсат-биыл болған қателіктерді болдырмау керек. Және аймақ басшысы "Батыс су арнасының" қазіргі тарифпен жұмыс жасайтын мүмкіндігі бар деп кесіп айтты.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі шамадан тыс су шығындарының себебін анықтап, оларды төмендету бойынша атқарылатын жұмыстың жоспарын жасақтауды тапсырды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.