Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су басу қауіпі бар

c 17:11, 21/02/2019 c 590

0:00 / 0:00

Бүгін телецентр аумағында орналасқан саяжай тұрғындарына су тасқынының алдын алу мақсатында үн парақтар таратылды. Қалалық әкімдік пен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және каз транс газ аймақ өкілдерінен құралған топтың құрамында бір топ еріктілер бар. Толығырақ алдағы бейнеқатарда. қыста қардың қалың түсуіне байланысты Шаған, Деркөл және Жайық өзендері арнасынан асып кетуі мүмкін. Егер тасқын бола қалса, он үш мыңға тарта тұрғын зардап шегеді. Сондықтан апаттың алдын алу үшін құтқарушылар қазірден қамданып жатыр. Олар әр үйдің есігін қағып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Төтеншеліктер өткен аптадан бері өзен сағасындағы 75 саяжайды шарлап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өйткені қанша қауіпті болса да, топан су тобығынан келмейтін тұрғындар бар. Сондықтан бірінші кезекте соларға ескерту жасалып, апатты жағдайда қауіпсіз жерге көшудің айла-тәсілдері түсіндіріліп жатыр. Төтеншеліктер тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен ғана шектелмейді. Тасқынға төтеп беру үшін 20 мың  құм толтырылған қаптар мен техникаларын да сайлап отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.