Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорттық дода

c 15:02, 06/06/2019 c 844

Батыс Қазақстан облысында байдарка мен каноэ есуден республикалық спартакиада басталды. Ақжайық өлкесінде ұйымдастырылған спорт додасына қатысу үшін 11 өңірдің 100-ден астам спортшысы келді.

Облыс орталығында олимпиада ойындарының құрамына енетін байдарка мен каноэ есуден спартакиада басталды. Аталмыш шара ересектер мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып отыр. Шараға 11 өңірдің 100-ден астам спортшысы келген. 4 жылда бір рет ұйымдастыралатын спартакиада сөз алған жандар, аталмыш спорттың маңыздылығын атап өтіп, Ақжайық өңірде қарқынды дамып жатқан байдарка мен каноэ есудің тарихына тоқталған еді. Сондай-ақ, салтанатты жиында спортшыларды тәрбиелеп жүрген бір топ жандар арнайы алғыс хатқа ие болды.

Ақжайық төрінде ұйымдастырылған сайысқа келген спортшылар жеңістен үмітті. Әрбір қатысушы жақсы нәтиже көрсетіп, ұлттық құрамының сабында ел намысын қорғауды көздейді.

Облыс орталығында байдарка мен каноэ есу бойынша спартакиада тоғызыншы маусымда өз мәресіне жетпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.