Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спортшыларға талап күшейтілді

c 19:50, 21/11/2019 c 588

0:00 / 0:00

Сенат  допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуге бағытталған денешынықтыру және спорт мәселелері бойынша айтарлықтай өзгерістер енгізілген заң жобасын қабылдады. Енді допингмен ұсталған спортшылар мен олардың жаттықтырушылары, дәрігерлері жауапқа тартылады.  Спортшылар жарыстан шеттетіліп, құрама және штаттық командалар құрамынан шығарылады. Бұдан бөлек баспанасы мен сыйақысынан айырылады. Ал допинг үшін 200 АЕК  айыппұл салынады.

2013 жылдан бастап қазақстандық спортшылардың допингті қолдануының 307 оқиғасы анықталды. Ағымдағы  жылы допинг қолданған 30 спортшымыз мәлім болды. Талай әлем чемпионатында, олимпиадада қанжығасын медальмен майлап келген спортшыларымыз, уақыт өте допинг қолданды деп айыпталды. Енді Қазақстан допингке қатысты дүниежүзілік спорт ұйымының талаптарын орындау мақсатында, спортшыларға, жаттықтырушылар мен дәрігерлеріне жауапкершілікті күшейтіп отыр. Допинг үшін 200 АЕК айыппұл салып, абыроймен жинаған атағы, үйі тартып алынатын болды. Тіпті берген үйді бірден атына салмаймыз дейді министр.

Министрдің айтуынша, допинг дауы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға көп кедергі жасап тұр. Оған қатысу үшін лицензия алу қарқыны бәсеңдеген. Райымқұлова ауыр атлетикадан өкінішке қарай Қазақстан тек екі лицензия алуға құқылы болып отыр. Жеңіл атлетика 20 лицензияға дейін алатын спорттың бірі еді. Талап қатаңдатылып,бұл жолы 10-12 лицензия алмақпыз деді. Допинг жауапкершілігін күшейтетін  заңнаманы қолдай отыра, сенаторлар нәтижесі жоқ футболға кетіп жатқан млрдттарды балалар спортына, жалпы бұқараның спортпен шұғылдануына жұмсауды сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.