Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Симфониялық оркестр ертегі сахналады

c 16:15, 04/04/2022 c 494

0:00 / 0:00

Орал қаласында "Петя және қасқыр" симфониялық ертегісі тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды. Жаңашылдықты тамашалау үшін келген мектеп оқушылары мен ата-аналарының қарасы қалың.

Алғаш рет Оралдың сахнасында балаларға арналған симфониялық оркестр ертегі сахналады. Актер Қали Ермеков ертегі оқып, шығарманың сюжеті мен кейіпкерлердің қимылы оркестр аспаптары арқылы дыбысталды.

Қазақ тілінде көрсетілген туындыны жастар шығармашылық орталығы ұйымдастырды. Балаларға арналған симфониялық оркестр ертегіні еліміздің тек екі қаласында сахналап жүр. Бірі елорда болса, енді бірі -Ақжайық өлкесінде.

"Петя және қасқыр" ертегі екі тілде сахналанды. Көрермендер балаға музыкалық талғамды қалыптастыру үшін осындай мәдени шараларды көптеп ұйымдастыру керек деген пікірде.

Симфониялық оркестр балаларға арналған ертегісін келешекте де сахналауды жоспарлап отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.