Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шешілмеген түйін

c 18:15, 14/06/2019 c 782

0:00 / 0:00

Орталық базар маңында орналасқан Фрунза-Елизаров көшесінің тұрғындары қоқыстан көз ашпай, қолқаны алатын иістің салдарынан терезесін ашудан қалған. Тұрғындардың сөзінше, аталмыш проблема осыдан 3 жыл бұрын басталыпты. Яғни, өзге көшелердегі қоқыс жәшіктерін алып тастағаннан соң, жеміс-жидек сататын сатушылар жүк көліктерімен осы көшеде орналасқан қоқыс жәшіктеріне келіп, бұзылған тауарларын тастап, тұрғындарға қолайсыз жағдай тудыруда. Мәселе әсіресе, кешкіқұрым уақытта қиындай түсетін көрінеді. Тіпті, баз біреулер қасақана қоқыс жәшігін жағып, өрттеп те жіберетін жағдайлар да тіркелген.

Шашылған қоқыс. Қолқаны алатын иіс. Осындай көріністі орталық базар маңында орналасқан Фрунза-Елизаров көшесінен көруге болады. Көше бойында жағалай орналасқан үйлер терезелерін ашудан қалған. Тұрғындар бұл проблема осыдан 3 жыл бұрын басталғанын айтады.

Қоқыс жәшігінің маңы бұзылған жеміс-жидек, көкөніске толы. Тұрғындардың сөзінше, үлкен жүк көлігіндегі қоқыс 4 контейнерді лық толтырады. Тұрғындармен тілдескен сәтте бір жүк көлігінің жеміс-жидекті қоқыс жәшігіне тастап жатқандығын көзімізбен көрдік. Бұзылған қызанақты тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарына тастаған ер азаматты сөзге тартып көрдік. Ол да қоқыстың жиналмай жатқандығын алға тартады.

Фрунза мен Елизаров көшесіндегі қордаланған мәселені қалалық мәслихаттың депуттаттары да талқылады.

Кезектен тыс сессияда бас қосқан депуттаттар қордаланған мәселені кезекті сессияның күн тәртібіне енгізіп, мәселенің мән-жайын анықтамақшы. Ал, коммуналдықтар болса, тұрғындарды мазалаған проблеманың бар екендігін айтып, "Орал таза сервиспен" шарт жасаспай, қоқыс лақтыратын саудагерлермен күресті күшейтпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.