Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шеберге көмек

c 18:09, 14/10/2020 c 410

0:00 / 0:00

Елімізде жұмыссыз жандардың санын қысқарту үшін "Еңбек" бағдарламасы іске қосылған болатын. Осы бағдарламаның аясында жұмыссыз, көпбалалы және қам көңіл жандарға бизнес бастау үшін қайтарымсыз грант беріледі. Биыл осы грантпен 300-тен астам адамды қамту көзделген. Грантты өткен жылы алған жандар қазір тағдырдың қиындығын еңсеріп жүрген қаракөздерге қол ұшын созып, жаңа мамандық алуға жәрдемдесуде.

"Еңбек" бағдарламасы аясында жұмыссыз, көпбалалы және қам көңіл жандарға арнайы кәсіп бастауы үшін қайтарымсыз грант береді. Қазіргі таңда грант 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде деп белгіленген. Биыл қайтарымсыз грантпен 300-ден астам азаматты қамту жоспарланып отыр.

Қайтарымсыз грантпен кәсіп ашқан жандар бүгінде "Отбасы" орталығынан көмек алған жандарға жаңа мамандық алуға көмектесіп жатыр. Пандемия кезінде, тағдырдың сынағына тап болып, сынып кетпей, кішкентай балаларымен бірге "Отбасы" орталығына келіп, кеңес алып, кейін мамандық үйренген жанның бірі- Ляззат . Ол қыз жасауын бизнеске айналдырған. Келіншек келешекте үлкен тігін шеберханасын ашуды армандайды.

Сала мамандары күні бүгінге дейін орталықтың көмегіне 400-тен астам отбасы жүгінгенін айтады.

Орал қаласының тұрғындары "Отбасы" орталығына келіп, психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік кеңес алады. Және азаматтар түрлі үйірмелерге қатысып, мастер класстан білімін шыңдап, бизнес ашуына да мүмкіндік берілген.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.