Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Саябақты дамытуға арналған жобалар іске аспақ

c 17:34, 14/04 c 318

0:00 / 0:00

Қалалық мәдениет және демалыс саябағын дамыту үшін алты инвестициялық жоба іске аспақ. Олардың бірі Шаған өзенінің бойында. Кәсіпкер 100 млн теңгедей инвестиция салып, 7 жылдай жұмыс жасайды деп жоспарлануда.

Еліміздегі көне сейіл орындардың бір- қалалық мәдениет және демалыс саябағын дамытып, абаттандыру үшін ірі алты жоба іске аспақ. Солардың бірі-Шаған өзені арқылы жасалмақ. Қазіргі таңда жаңа жоба бойынша өзен жағалауы қоршалып, су көліктеріне арналған тұрақ жасалуда. Және жағалау бойы абаттандырылмақ.

Саябақты абаттандыру аясында былтыр экожолақ жобасы іске асты.

Қаланың көрнекті орынында серуендеп жүрген азаматтарды сөзге тарттық. Соңғы жаңалықтар оралдықтардың көңілінен шығыпты.

Және саябақ аумағында жаңа шағын футбол алаңының құрылысы жүзеге аспақ. Ал 1-мамырға дейін су бұрқақ іске қосылады деп жоспарлануда. Жөндеу өткен жылы басталған еді. Қазіргі таңда жұмыстар аяқтала келді,- дейді мамандар. Және мамыр айының соңында шолу дөңгелегі іске қосылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.