Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сарбаздар қатары толықты

c 12:10, 23/07/2018 c 988

0:00 / 0:00

№5517 әскери бөлімінің жас сарбаздары елін, Отанын адал қорғауға салтанатты түрде ант қабылдады. Атаулы рәсімге еліміздің 6 облысынан ат терлетіп сарбаздардың ата-аналары да келді. Сонымен, сағат тілі 10-ды көрсеткенде бөлімнің жеке құрамы алаңда сап түзеді. Бауыр еті балалы үшін маңызды шараға алыстан арнайы келген ата аналар өз қуаныштарын жасырмады. Олардың ендігі арманы ұлдарына жүктелген борыштың абыройлы атқарылуы.Ресми түрде сарбаз атағын аталған 161 ұлан енді елін қорғамақ. Алда әлі бір жыл қызмет күтіп тұр. Жігерлі жастардың міндеттері де айқын. Мерекелік митингтен кейін жас жауынгерлер саптық, қолма-қол ұрыстың көрсетпелі жаттығуларын көрсетіп, бөлімнің үрмелі-аспаптар оркестрі де өз өнерін паш етті.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.