Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақтықта қорлық жоқ !

c 16:12, 29/06/2020 c 769

0:00 / 0:00

Биыл Оралда алты адамның өлімі судан келген. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаментінің мамандары хабарлайды. Төтеншеліктер азаматтардың суға батып, тілсіз жаудың құрбанына айналуының алдын алу үшін түрлі рейд шараларын ұйымдастыруда.

Төтеншеліктер суға түсу маусымы басталғалы бері атқа қонып, адамдар көптеп суға түсетін жерлерді аралап, арнайы рейд жұмыстарын ұйымдастыруда. Басты мақсат: адам өмірін түрлі қатерден арашалау. Десек те, биыл 6 адамның ажалы судан келген. Сала мамандары қайғылы оқиға болмас үшін қауіпсіздікті басты назарға ұстануға шақырады.

Сала мамандары қатердің көбі табиғат аясында ащы су ұртап, белгіленбеген жерде суға түсудің кесірінен болады дейді. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында ішімдік ішкендердің әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылатындығын ескертеді.

Алдағы уақытта да адам өмірін ажалдан құтқарып, төтенше жағдай болдырмас үшін ұйымдастырылатын рейдтер өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.