Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақтық шаралары күшейтіледі

c 18:23, 03/11/2020 c 580

0:00 / 0:00

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен коронавирус инфекциясына қарсы облыстық жедел штаб отырысы өтті. Онда облыстағы эпидемиологиялық ахуал мен атқарылатын санитарлық шаралар туралы айтылды. Айта кеткен жөн өңірде короновирус инфекциясын жұқтырғандар қатары күн санап артып келеді.Облыстың бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың мәліметіне сүйнер болсақ, өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Аурудың күрт өсуі байқалады. Мәселен, КВИ -дың клиникалық белгісі бар науқастар 23 пайызға артса, симптомсыздар саны 42 пайызға дейін көбейген. Арыспаев аурушаңдықтың өсуіне сеп болған бірнеше факторды да атап өтті. Олардың ең маңыздысы санитарлық талаптарды ескермеу, оның ішінде бетперде кимеу, арақашықтықты сақтамау, көпшілік орындарға бару сынды жағдайлар. Оған қоса ауа райының суытуы да дерттің дендеуіне әсер етуі мүмкін. Соңғы аптадағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталсақ, 26 қазаннан 1 қарашаға дейінгі аралықта 71 тұрғынның инфекция жұқтырғаны белгілі болған. Науқастардың көбінің жағдайы бір қалыпты. Ауру әлі де зейнеткерлер арасында өте көп. 40 пайыз. 19 пайызы жұмыс жасайтын адамдар. Медицина мамандары мен мектеп оқушылары арасында 7 жағдай тіркелсе, 4 пайыз яғни 3 оқиға мұғалімдер арасында. Қаратөбе ауданындағы бір балабақша тәрбиленушісінен коронавирус инфекциясы анықталған. Олардың барлығы да науқастармен қарым-қатынаста болғандар.Облыста ПЦР тестілеу жүргізілетін 7 лаборатория бар. Бір аптада облыстық ауруханадағы лабораторияда 1337, қорытынды лабораторияда 2000-ға жуық сынама жасалады. Көп жағдайда науқастармен қарым-қатынаста болғандарға зерттеу жүргізіледі. Бұл топтағыларға қызмет тегін көрсетіледі. Оның құны 8- 9 мың теңге аралығында. Облыс арқылы бір аптаның ішінде 2300-ге жуық транзиттік көлік өткен. 19-шы қазаннан бастап облысқа кіретін жүк көліктерін қала сыртымен шығарып салу шаралары қолға алынды. Алайда шаһар ішіндегі кемпингтер жұмысы тоқтамауы себепті транзиттік көліктер қозғалысын қадағалау мүмкін болмай отыр.Облыста ковидтық пневмониямен ауыру көрсеткішінің де күрт артқаны байқалады. Бүгінде 148 науқас тіркелсе, оның 99-ы стационарлық, 39 науқас амбулаторлық жағдайда ем алуда. Оның ішінде жұқпалы аурулар ауруханасындағы 7 науқастың жағдайы ауыр. Жоғарыда атап өткендей ауру көпшілік шаралар арқылы тарауда. Осы орайда облыс әкімі Ғали Есқалиев өңір жұртшылығын сақтық шараларын ұмытпауға шақырды.Штаб отырысында ПЦР тестілеу қортындысын автоматтандыру мәселесі де қозғалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.