Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Республикалық дода өтуде

c 15:30, 12/03/2018 c 829

0:00 / 0:00

100ге тарта спортшының басын қосқан жарыс! Оралда волейболдан жоғарғы лига әйелдер командалары арасындағы 26шы чемпионаты өтуде. Үздіктердің үздігі атануға ниет білдіргендер қатарында еліміздің түпкір-түпкірінен ат терлетіп келген 6 команда бар. Волейболдан республика кубогының 4ші кезеңінде спортшылар алдарына жан салмастан тартысты ойын көрсетуде. Жарыс төрешілерінің айтуынша, команда мүшелері спорт додасына тыңғылықты дайындықпен келіпті. Әсіресе, шымкенттік Қазығұрт командасының спортшылары асқан белсенділік танытуда. Бапкерлердің оралдық командадан да күтер үміті зор.

Мамаш Ғұмаров
Бас төреші

Меніңше ойын тартысты өтеді. Көш бастап тұрған 4 топ бар. Хромтау мен Қостанайдан келген жас спортшылар да белсенді.

Шымкенттен ат терлетіп келген Амина есімді спортшы қыздың волейболмен айналысқанына 5 жылдан асыпты. Талапты жас бұл спорт түрін ерекше жақсы көретінін айтады. Ұйымшылдық пен бірлікке тәрбиелейтін ойынның жастарға берері көп. Волейболдан жоғарғы лига әйелдер командалары арасындағы 26шы чемпионатының төртінші туры наурыздың 18-і қорытындыланбақ.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.