Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕСЕЙЛІКТЕР ҰЗЫН-СОНАР КЕЗЕКТЕ ТҰР

c 17:32, 27/09/2022 c 1679

0:00 / 0:00

Ресеймен шекаралас облыс орталықтарына ресейліктер жаппай келіп жатыр. Шекарадағы кептелістен қашқан ресейліктер Қазақстанға пойызбен келе бастады. Біреулер көп бөгелмейміз десе, енді біреулер уақытша қаламыз дейді. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан сияқты шекаралас облыстарға келіп жатқандар легі өте көп. Ірі қалалар -Алматы мен Астанада ресейліктерді жиі кездестіретін болдық. Астананың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бас сұғу мүмкін емес. Ұзын-сонар кезектің соңы сыртқа дейін созылған. Бұлардың бәрі ЖСН алуға кезекте тұрған ресей азаматтары. Ресейдегі ішінара мобилизациядан қашқандардың дені тепсе темір үзетін ер азаматтар.

Әрине, режимнен кеттім. Мен елден кетуді жоспарлап жүргенмін, бірқа мобилизация тез болады деп ойламадым.
-Мен айти маманымын. Енді осы жақтан қашықтан жұмыс істеп жатырмын. Ресейдегі жағдайдан клиенттерімнің жартысын жоғалттым. Қазіргі режимде өмір сүру мүмкін емес. Біз бас көтергенмен түк өзгеріс болмайды. Елден қашып кеткенім өзім үшін жиіркенішті әрине.
-Мобилизациядан кеттім, менің украинада таныстарым көп, әкем украин. Ол елге қарсы шыға алмаймын. Осында қалам. Жұмыс істеймін.
-Әскери комиссариаттан бәрін әкетіп жатыр. Мен іссапармен келген едім, енді елдегі жағдайға қатысты қалып жатырмын. Карта рәсімдеуім керек, ИИН алуға келдім.

Біздің елді паналап келіп жатқан ресейліктер Ресей үкіметі әскери міндетін атқаруы тиіс азаматтарға іздеу жариялайды деп алаңдайды. Ал Қазақстанның бас полицейі Марат Ахметжанов экстрадициялау тек қылмыстық істер үшін ғана жасалады, мобилизациядан қаншқандарды қайтармайды деп мәлімдегенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.