Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«РЕФЕРЕНДУМ –САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ»

c 11:36, 01/06/2022 c 671

0:00 / 0:00

Алдағы жексенбіде қазақстандықтар Ата заңымызға енгізілетін ауқымды өзгерістерді қабылдайды. Еске сала кетейік, 5 маусым күні республикалық референдум өтетіні белгілі. Саяси маңызды науқанға 11 өңір халқы жақтап дауыс берсе, Ата заңға өзгеріс енгізіледі деген сөз дейді сарапшылар. Тәуелсіздік алғалы екінші рет ғана өткелі отырған бүкілхалықтық референдум –саяси мәдениеттің дамуы болмақ дейді олар. Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізілмек.
Алда саяси науқан. Қазақстандықтар бірнеше рет өзгеріске ұшыраған Ата заңымызды бұл жолы өзі реттеп алмақшы. 1995 жылы елде рефрендум өткен болатын. Одан кейін билік Конституцияға қажетті өзгерістерді халықсыз-ақ Парламентпен енгізіп келгенді. Енді жаңа Қазақстан, екінші республика деген ұғымдар еніп жатыр. Ел билігі Ата заңымызға айтарлықтай өзгеріс енгізуді ұсынып жатыр. 33 бапқа 56 түзету енгізілмек. Суперпрезиденттік басқару жүйесі ығысып, парламенттің рөлі нығаймақ. Мәжіліс қабылдаған заңды сенат мақұлдайтын болады. Сенторлардың қатары азаяды. Мәжіліске бір мандатты депутаттар келеді. Парламентте 70 пайызы саяси партия депутаттары болса, 30 пайызы можаритарлық болады.

Президент ешбір саяси партияда мүше болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі билік партиясының құрамынан шығып кеткені мәлім. Мемлекет басшысының туыстарына билікке, ірі ұлттық компанияларға қызметке келуге тиым салынады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елбасы статусы алынып, барлық оған қатысты заң жобалары күшін жояды. Конституцияда Назарбаевтың мәртебесі туралы норма атымен болмайды. Жер мен жерасты байлықтары халықтікі болады. Яғни одан түскен пайда халық игілігне жұмсалады деген үміт бар. Сарапшылар 27 жылдан соң өткізілгелі отырған референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді. Бұл үрдісті еліміздің саяси мәдениетінің дамуының белгісі деп айтуға болады дейді.

Референдумға 18 жасқа толған әр азамат қатыса алады. Бұл орайда жастардың келіп, дауыс беруі маңызды. Себебі елімізде 18-ден асқан азаматтар саны 12 млн-нан асады. Заң бойынша олардың жартысы, яғни 6 млн-ы қатысса, сонда ғана референдум өткізілді деп есептеледі дейді сарапшылар. Еске сала кетейік, 5 маусым күні республикалық референдум өтеді. Саяси маңызды науқанда 11 өңір халқы жақтап дауыс берсе, Ата заңға өзгеріс енгізіледі. Орталық референдум комиссиясы бұл науқанға сақадай сай. Республика бойынша референдум өтетін күні 10 013 участок жұмыс істейді. Референдумға мемлекет қазынасын 16,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.