Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Референдум өткізудің маңыздылығы түсіндірілді

c 17:16, 13/05 c 902

0:00 / 0:00

Парламент мәжілісіндегі "Ақжол" партиясы фракциясының мүшесі Дания Еспаева шаһарымыздағы ірі сауда кешенінің бірінде өңіріміздегі бір топ шағын және орта бизнес өкілдерімен де кездесу өткізіп, конституцияға еңгізілетін негізгі өзгерістерді түсіндірді.Шағын және орта бизнес өкілдерімен де кездесу өткізген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Дания Еспаева конституцияға енгізілуі мүмкін негізгі өзгерістерді түсіндірді. Елдің экономикасын алға сүйрейтін сала кәсіпкерлік саласы болса, аталған бағытқа да көптеген өзгерістер керек. Себебі ел кәсіпкерлерінің кеңірек құлаш жаюына кедергі келтіріп отырған келеңсіздіктерді жою арқылы саланың алға басатындығы айтылды.Мәжіліс депутатымен кездескен 30-ға жуық «Сити центр» сауда орталығының кәсіпкерлерінің көбін қымбатшылық мәселесі алаңдатады. Олар шағын және орта бизнес өкілдері соңғы екі жылда пандемея салдарынан тақырға отырудың аз-ақ алдында қалғандарын мәлімдеп, мемлкеттен қолдау күтетіндерін жеткізді.Бірнеше сағатқа созылған кездесуде мәжіліс депутатына өзге салаға қатысты да сауалдар жолданды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.