Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУДЫ ТАПСЫРДЫ

c 09:39, 29/09/2022 c 1519

0:00 / 0:00

Елордада "Digital Bridge 2022" халықаралық технологиялық форумы өтті. Ақорданың хабарлауынша, айтулы жиынға қатысқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды. Мемлекет басшысының айтуынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналуы тиіс. Қазірдің өзінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді. Екі жыл бұрын әлемдік ІТ нарыққа 30 миллион маман керек еді. Бүгінде бұл қажеттілік 100 миллионға жетті. Ал 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады.Яғни циярлық сала мамандары біздің ел үшін де қажеттілікті тудырып отыр. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды түрде жүргізіледі. Үкіметтің алдында 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау міндеті тұр. Дегенмен Тоқаев әлемдік ІТ компаниялары басшыларының алдында сөйлеген сөзінде Цифрлы Қазақстанның шалғай ауылдарға жетпей жатқанын да айтты. Алыс елді мекендерді интернетпен қамту үшін төмен орбиталы спутниктерді және жерүсті станциялар желісін пайдалану қажет деді.

Сондай-ақ қазақ басшысы Қазақстанның цифрлық трансформациядағы бес басымдығына тоқталды. Үкіметтің алдында адамға бағдарланған қызметті дамыту, елде IT-сала үшін қолайлы жағдай жасау, IT-инфрақұрылымды кең көлемде модернизациялау, цифрлық экономиканы және индустрияны дамыту, адам капиталын нығайту міндеті тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.