Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пойыз жолаушыларының жаңа заңнамасы

c 18:01, 22/08/2019 c 725

0:00 / 0:00

Темір жол билетін қайтарғандарға салынатын айыппұлдың жойылуына «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның үстеріне ел тұрғындарынан түскен арыздар негіз болса керек. Осыған орай, билетті қайтарған сәтте ұсталынатын 1000 теңге көлеміндегі айыппұл алынып тасталды. Ал құны 3500 теңгеден жоғары билеттерді қайта табыстағанда ұсталатын комиссиялық алым өзгеріссіз қалды.

Бұған дейін заңды тұлғалардың бір орынды резервке ұстауына 290 теңге алынатын. Кемінде 10 адамға топтық билет алуда заңды тұлға жол жүруге 6 күн қалғанша тізімге өзгеріс енгізе алады. Бір тәулік қалғанша билетті өткізсе - оның толық құны қайтарылады. Одан бөлек жолаушылар тапсырысты электронды цифрлық қолтаңба бойынша да рәсімдей алады. Билет бұрынғыдай бір бланкада емес, әрбір жолаушыға бөлек беріледі.

Биылғы жылдың 28 тамызында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Жолаушылар тасымалы, қол жүктері мен пошта жөнелтімдері ережелеріне" енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді. Жаңа ережеге сәйкес, пойыз ішінде шылым шегуге түбегейлі тыйым салынды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.