Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Паралимпиада спортшылары жеңіспен оралды

c 17:43, 19/09/2019 c 701

0:00 / 0:00

Қазақстан республикасының V жазғы Паралимпиада ойындарының Республикалық турнирі қыркүйек айының 12-сі мен 18-і аралығы күні Ақтөбе қаласында өткізілді. Аталмыш турнирден Азан Шаймардановтың басшылығымен аймағымыздың паралимпиада спортшылары, өңір топырағына байрақты жеңіспен оралды. Облысымыздан аталмыш Паралимпиада ойындарына аттанған 26 спортшының 7-уі ауыз толтырарлық нәтижеге ие болды. Солардың бірі пауэрлифтинг спорт түрінен өнер көрсетіп, 72 салмақ дәрежесі бойынша алтын медеальге ие болған Назгүл Ізмағамбетова.

Иә, бүгінгі күні аймағымызда 25 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, олардың көңілдеріне демеу болып, қоғамнан аластатпауда мұндай спорттық шаралардың маңыздылығы ұшан-теңіз екені белгілі. Облыстық әкімдікке қарасты "Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" аталған кембағал жандардың саулығына баса назар аударып,оларды спортқа араластырып келеді. Мәселен, аталмыш клуб ашылғанына небары 3 жыл толса да, онда 200-дің үстенде мүмкіндігі шектеулі жан шынығып, өңір жұртшылығы сүйсіне қарар паралимпиада жүлдегерлеріне айналуда.

Клубтың 20 спортшысы спорт құрамасының мүшесі атанса, 5 спортшы халықаралық класс шебері, ал 6 спортшы спорт шебер, 8-інің спорт шеберінің кандитаты атағы бар.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.