Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пандемиядан 18 000 кәсіпкер зардап шекті

c 16:53, 19/04/2022 c 571

0:00 / 0:00

Коронавирус пандемиясының экономикаға келтірген залалы көп. Әсіресе, күшейтілген карантин кезінде қызметін тоқтату кәсіпкерлерге қиын соқты. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының келтірген дерегі бойынша локдауннан 18 мыңнан астам кәсіпкер зардап шегіпті.

Облыс аумағында 40 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Олардың 18 мыңға жуығы коронавирус пандемиясынан зардап шеккен. Алайда локдаунның кесірінен есігін құлыптап, қызметін жалғастыра алмаған кәсіпкерлер саны 400-ге жеткен. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының келтірген мәліметі бойынша олардың 110 мейрамхана екен.

Облыс орталығында локдаунның кесірінен тақырға отырып, алған несиесін төлей алмай отырған кәсіпкерлерге арнайы жеңілдіктер жасалыпты. Және қызметін тоқтатып, пайдасынан қағылған бизнес субъектілері өткен жылы "Ашық" бағдарламасына қосылып, біртіндеп қызметін жалғастыра бастады. Және 2021 жылы облыс аумағында кәсіпкерлерді қолдайтын арнайы микроқаржы ұйымы іске қосылыпты.

Қазіргі таңда осы микроқаржы ұйымы арқылы 113 жоба қаржыландырылыпты. Ауыл шаруашылығында яғни мал өсірумен айналысатын шаруалар несие алған. Несиенің жылдық пайызы 6 пайызды құрайды. Мамандар бірінші кезекте "Бизнес бастау" сертификаты бар кәсіпкерлерге басымдық беріліп жатқанын айтады. Мал шаруашылығымен айналысатындарға 7 жылға дейін несие рәсімделсе, өзге саланың мамандары 5 жылдың ішінде қарызын өтеуі шарт.

Сурет https://yakutia.info/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.