Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

c 08:15, 23/05/2022 c 329

0:00 / 0:00

Үкімет отандық бизнесті қолдай отыра, импортты алмастыруды қолға алып жатыр. Қазір Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды, олардың 286-сы – 9,9 трлн теңге сомасына импортты алмастыратын жобалар. Бұл жайында Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елордада өткен Ulttyq Ónim көрмесінің ашылуында айтты. Алтыншы рет өткізіліп отырған айтулы көрмеге отандық микро, шағын және орта бизнестің 350-ден астам өкілі қатысып, 5000 аса тауар ұсынылды. Елімізде өндіріліп жатқан ұлттық өнім түрлерін ұсынушылар мемлекеттік қолдау арқылы ісін өрбітіп отырғандарын айтады.

Екі жыл бойы пандемиядан көз ашпаған отандық бизнес қайта бас көтерді. Себебі, қаатң карантиндік шаралар бизнестің жұмысын тоқтаып, табысынан айырды. Онсыз да әупірімдер күн кешіп жатқан шағын бизнес үшін пандемияның соққысы қатты болды. Бұдан соң отандық кәсіпке мемлекеттік қолдау қажет болды. Сондай-ақ, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге Мемлекет басшысы жариялаған мораторий де бизенстің дамуына әсер етуде. Үкімет 2022 жылы жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 165 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Смайылов отандық өнім түрін көбейтіп, импортты алмастыру мақсатында 717 инвестициялық жобаның пулы құрылды, оның 286-сы – 9,9 трлн теңге сомасына импортты алмастыратын жобалар, - деді.

Алтыншы рет өткізіліп отырған Ulttyq Ónim көрмесіне отандық микро, шағын және орта бизнестің 350-ден астам өкілі қатысып жатыр. Үш күн бойы қазақстандық бизнестің жұмысын бағалауға мүмкіндік бар.

Алдағы мақсат- отандық өнім түрлерін көбейтіп, ішкі нарықты ғана емес, экспортқа да шығару керек. Ал ендігі өз тауарын сыртқа тасымалдап жүргендер де жоқ емес. Мысалы, бие мен түйе сүтінен тамақ, косметикалық өнімдер шығарып жатқан компанияға іштен гөрі, сырттан сұраныс көп екен. Қытай, араб елдерінен сұраныс артып отыр. Алайда 10 жылдан бері бизнесін өрбітіп отырғандардың өзі мемлекеттік қолдау қажет. Дегенмен, кәсіпкерлер мемлекетке ауыз ашып отырмағанымыз да жөн деген ойларын айтады.

Ulttyq Ónim көрмесіне 5000-нан астам тауар түрі қойылды. Тамақ өнімдерінен бастап, отандық ісмерлердің қолынан шыққан киімдер, аяқ киімдер, қой жжөнінен жасалған бұйымдар мен қолөнер шеберлерінің де еңбегі, Қазақстанда жиналатын техника ұсынылды. Соңғы 5 жылда шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27%-дан 35%-ға дейін ұлғайған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.