Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өрт сөндіруші өліміне қатысты күдікті ұсталды

c 17:40, 21/09/2021 c 1593

Ақжайық аудандық №2 сотында Руслан Макишевке қатысты үкім шығарылды. 1992 жылғы Макишев ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. Ол 11 жыл бойы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.Сот талқысында мәлім болғанындай, биылғы ақпан айының ішінде Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылының тұрғыны Р.Макишев «Фольксваген Шаран» автокөлігін жылы жерге орналастырмақ болып, БҚО ТЖ департаменті №27 өрт сөндіру бекетінің арнайы қоймасына заңсыз қойған. Сөйтіп төтенше жағдайда өрт сөндіру техникаларының оқиға болған жерге уақтылы шығуына кедергі келтіру қаупін төндірген. Келесі күні таңмен өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиев аталмыш автокөлікті көріп, сыртқа шығартқызып тастаған. Кейін наурыз айында А.Нұрғалиев түнгі мезгілде Р.Макишевтің арақ ішкен мас күйінде келіп, кезекшіліктегі қызметкерлердің қалыпты қызмет етуіне кедергі келтіріп жүргенін білген. Содан оны шақыртып, автокөлігін рұқсатсыз қойғаны және мас күйде қызметкердің мазасын алғаны үшін ескерту жасап, сондай әрекеттері қайталанатын болса, полицияға хабарлайтынын жеткізген. Алайда 25 наурыз күні сағат 22:30 шамасында Р.Макишев мас күйінде өрт сөндіру бөліміне қайта келіп, кезекшілікте болған жүргізуші Н.Мұрсалимовтан бастығын шақыртуын талап еткен. Рұқсатсыз қызмет бөлмесіне кіріп, өзінің заңсыз іс-әрекеттерін жасыру мақсатында бейнекамераларды сындырып, істен шығарған. Ал А.Нұрғалиев Р.Макишевтен үйіне барып, демалуын өтінген. Әйтсе де Р.Макишев оның заңды талабына бағынбай, қызмет киімінің жағасынан алып, күш қолданған. Ақыры А.Нұрғалиев бетіне тиген соққылар салдарынан оқиға орнында есінен айырылған. Артынша есін жиып, өз-өзіне дұрыс келместен, бас киімсіз, жалаң аяқ Р.Макишевтің үйіне барып, сыртқа шақырған. Сотталушы үйдің ауласына шығып, тағы да әлденеше рет соққы жұмсаған. А.Нұрғалиев әке-шешесінің үйіне барып, жазғы сарай ішінде есінен айырылып қалған. 26 наурыз күні сағат 08.30-да оны ес-түссіз күйінде жеңгесі тапқан. Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, бір күннен кейін сағат 05.03-те А.Нұрғалиев алған жарақаттары салдарынан қайтыс болған еді. Р.Макишев кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушіні өлтіру ойында болмағанын жеткізд

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.