Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдың "Ақжайық" футбол командасы осы маусымдағы алғашқы жеңісін тойлады

c 17:50, 02/04/2018 c 746

0:00 / 0:00

Бұл жолы кездесу шаһарымызда емес, Ақсай қаласында өткен болатын. Естеріңізге саламыз, облыс орталығындағы алаң тиісті талаптарға сай келмейтіндіктен, чемпионатты "Қарашығанақ" спорт алаңында өткізу туралы шешім шығарылған еді. Павлодардың "Ертісімен" арадағы ойын тартысқа толы болды.

Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» стадионына жасанды көгал төселген. Тас түйін болып ойынға дайын келген қос командадан бірінші болып "Ақжайық" сапындағы украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеолана 11-минутта 11 метрлік айып добын «Ертіс» қақпасына бағыттады. Алайда қақпашысы Никита Калмыков шебер қорғана білді. Қонақтар да бірнеше мүмкіндікті пайдаға жарата алмады. 81-минутта Эсеолананың жолдаған добын Иван Антипов голға айналдырды. Осылайша кездесу 1:0 есебімен Ақжайықтың жеңісімен аяқталды.

-"Бұл салыстырмалы түрде алғанда өте өзгеше ойын болды. Ұзақ және ауыр кезең дей аламыз. Қарсыласымыз жақсы жұмыс жасады. Ал бізде осы жағы жетіспегені айдан анық. Екі команданының ойын стильі әр түрлі. Ақжайық жеңіс үшін жанкешті күрес ұйымдастыра алады. Ауыр ойын боларын біліп дайындық жасаған едік. Алда енді Астанамен кездесуге әзірлік жасаймыз",-дейді "Ертіс командасының бас бапкері Херард Нус.

Ақжайықтың жеңісін бірнеше мәрте қайталау үшін жұмыс жасайтын боламыз,- дейді осы кездесуде команда тізгінін қолына алған бас бапкердің ассистенті Артур Авакянц.

-"Ақсайлықтар мен осы алаңда тер төккендер үшін үлкен мереке болды. Командаға төзімділігі үшін алғысымды білдіремін. Біз жеңіспен мақтана аламыз. Алда турнир кестесінде тек жоғары көтеріле берейік",-дейді бас бапкердің ассистенті Артур Авакянц.

Қаладан 150 шақырым жердегі Ақсай қаласында ойындар облыс орталығындағы алаңдағы жұмыстар тәмамдалғанша оздырылмақ. Ақжайықтың келесі кездесуі 7-сәуір күні өтеді. Жерлестеріміз сырт алаңда Алматылық "Қайратқа" қарсы өнер көрсетпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.