Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық тігіншілер маска тіге бастады

c 16:18, 19/03/2020 c 617

0:00 / 0:00

Оралдық кәсіпкерлер медициналық маскалар тіге бастады. Қазіргі таңда үш кәсіпорын дәріханада тапшы болған бетпелерді тігуді қолға алған. Сала мамандары оралдық өнімді дәріханалардан сатып алуға болады,- дейді.

Коронавирустың көптеп таралуының кесірінен дәріханаларда медициналық маска тапшы. Сұраныс көбейген сайын, қоймадағы бетперделердің бағасы да шарықтап, бірнеше есе қымбаттап отыр. Бұған қарамастан медициналық маскаларды сабылып іздеп жүрген бұқараның қарасы қалың.

Оралдық тігіншілер азаматтар таппай жүрген медициналық маскаларды тіге бастаған. Мына өндіріс ошағында 3-4 күннің ішінде 6000 дана бетпердені жасапты. Сала мамандары шикізатты Ресейден сатып алатындығын айтады. Қазір қоймада 30-40 мың данаға жететін мата бар көрінеді. Тапшы болған маскаларды тіге бастаған нысанның директоры қалған маталардың шекарадан кіре алмай тұрғандығын айтады. Өндіруші бір масканың құны 180 теңгені құрайды,- дейді. Оралдық шеберлер тіккен тауарға мекемелер көптеп тапсырыс беруде. Өндіріс ошағы тікелей тұрғындарға медициналық маскаларды саудалай алмай отыр.

Жалпы облыста 7 жеңіл өнеркәсіп нысаны бар. Қазіргі таңда олардың үшеуі медициналық масканы тіге бастапты.

Сала мамандарының таратқан ақпарына сүйенсек, жақын күндері оралдық тігіншілердің қолынан шыққан бетпелерді қаланың дәріханаларынан сатып алуға болады. Бұл өз кезегінде маскаларға деген сұранысты төмендетіп, бағаның тұрақтануына сеп болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.